|
|
|
НҰРБОЛ САМЗАЕВ
«Банк «Каспийский» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
--------------------------------
Нұрбол өзінің қаржыгерлік мансабын Қазақстанның Ұлттық Банкінде бастады. Екінші деңгейлі «Қазкомстройбанк», «Актив» және т.б. банктерді тарату комиссиясының төрағасы болды, тарату баланстарын жасады, сот органдарымен жұмыс істеді, несиегерлердің талаптарын қарастырды және ҚР заң талаптарына сәйкес таратылатын ақша массасын үлестірді. Өз жетістіктерінің қатарына несиелеу саласының нормативтік құжаттарын дайындауға қатысқанын жатқызады.
|
КӘСІБИ ТӘЖІРИБЕСІ:
- 2006 ж. бастап - «Банк «Каспийский» АҚ
- 2003 - 2005 жж. - ЦентрКредит Банкінің корпоративтік қаржы департаментінің басқарма бастығы, корпоративтік қаржы департаментінің басқарушы директорының орынбасары
- 1998 - 2003 жж. - ЦентрКредит Банкінде Қазынашылық департаменттің корпоративтік қаржы басқармасының қатынас менеджері
- 1997 - 1998 жж. - ТұранӘлем Банкінде несиелеу департаменті сауданы қаржыландыру бөлімінің маманы
- 1996 - 1997 жж. - Ұлттық Банкте аға экономист
БІЛІМІ:
Қазақ мемлекеттік басқару академиясы
Мамандығы: банк ісі
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАҚЫРЫБЫ:
Банк қызметтерінің түрлері және оларды дамыту мәселелері
ХОББИІ:
Кітап оқу және спорт
ҚҰЗЫРЕТТІ САЛАСЫ:
Корпоративтік бизнес
|
<-- Aртқа
|
|
|
|
|
|