ИНКАССАЦИЯ ЖӘНЕ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫ ЖЕТКІЗУ
ҚҰРМЕТТІ МЫРЗАЛАР!
«Kaspi Bank» АҚ біздің банкте есепшот ашу арқылы және есепшот ашпастан инкассация қызметін, Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша материалдық жауапты тұлғалар мен құндылықтарды жеткізуді сүйемелдеу қызметін ұсынады.
Сондай-ақ Астана, Орал, Шымкент, Тараз, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қордай, Қаскелең қалаларында инкассация қызметін ұсынады.
Инкассация бөлімшелерінің қызметін арнайы дайындықтан өткен, оқ-дәрімен атылатын қарулармен қаруланған және жеке қорғаныш құралдары бар инкассация қызметкерлерімен жүзеге асырылады. Тасымалдау арнайы құрышталған, жоғары сенімділік пен тасымалданатын құндылықтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілетін «Ford Ekonomile Kargo», «ВАЗ-21213 Бронто» автомобильдерінде жүргізіледі.
Клиенттердің тілегі бойынша қызмет көрсету уақыты тіркелу арқылы және қоңырау соғу арқылы болуы мүмкін.
Банктің Клиент алдындағы жауапкершілігіне «Алматы Халықаралық Сақтандыру тобы» Сақтандыру компаниясы» АҚ сақтандыру компаниясымен нақты қабылданған сома мөлшерінде кепілдік беріледі.
Инкассация тарифі әр Клиентке жеке белгіленеді. Тарифке мыналар кіреді: инкассация қызметі, ақшалай түсімді қабылдау және санау, тасымалданатын құндылықтарды сақтандыру. Икемді жеңілдіктер жүйесі бар.
Инкассаланған және саналған ақшалай қаражат Сіздердің көрсеткен деректемелеріңізге қолма-қол жасалмайтын тәртіппен аударылады.
Біздің жұмыс істеу ұстанымымыз –
әр Клиенттің бабын табу!
|