Ынталы да жоғары білікті мамандардан команда құру kaspi bank үшін басымды мақсат болып табылады, адамдық капитал біз үшін – бірінші құндылық. Біз адамдардың бойындағы кәсіпқойлықты, құзыреттілікті, серпінді дамып келе жатқан банктің алдында тұрған мақсатқа жетуде командамен жұмыс істей алатындарды бағалаймыз. Біздің банктің қызметкерлері Harvard, Oxford, ҚМЭБИ, Қазақстан-Британдық Техникалық Университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазМУ және т.б. әлемдік және қазақстандық жетекші ЖОО-ның түлектері болып табылады.
Біз банктің Қазақстанның қаржы нарығында ең қалаулы жұмыс беруші болуы үшін барымызды салып жұмыс істеудеміз. Адам капиталына инвестиция салу арқылы банк қызметкерлерге іштей және сырттай оқуға мүмкіндік бере отырып кәсіби деңгейлерінің өскенін қалайды.
Банкте енгізілген корпоративтік университет қызметкерлерді үзбей оқыту жүйесі сәтті жұмыс істеуде. Deloitte; Ernst & Young; PriceWaterhouseCoopers; Oxford Financial Training; Management Development Center; Global Education Provider және т.б. халықаралық компаниялар қызметкерлерді оқыту және дамытуда біздің серіктестеріміз болып келеді.
Бизнес-жобаларға қатысу арқылы мамандар, жетекші шетелдік банктер мен қаржы институттарында жұмыс істеген көшбасшылардың озық тәжірибелерін алу және пайдалану мүмкіндігін иеленеді.
Егер Сіз білім алуға, икемделіп, тәжірибе жинауға қызықсаңыз, біз Сізді өз қызметкерлеріміздің қатарынан көруге қуаныштымыз!
Бұл бөлімнен Сіз Банктің Бас кеңсесі мен филиалдарындағы бос жұмыс орындарымен таныса аласыз. Резюмеңізді мына тел/факсқа жіберіңіз 8 (727) 250-18-00 (ішкі 1217); электрондық пошта: cv@kaspibank.kz, немесе үлгіні толтырыңыз. |