egov.kz сайтындағы жеке тұлғаларға арналған мемлекеттік қызметтер
«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz порталы мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай, интернет пен электрондық терминалдар арқылы алуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда порталда халық үшін мемлекеттік, ақпараттық және транзакциялық қызметтер көрсетіледі: мұнда Сіз өзіңізді қызықтыратын қандай да бір мемлекеттік қызмет жайлы кез келген ақпаратты таба аласыз, онлайн анықтама ала аласыз әрі ол үшін кезекте тұрып уақыт жоғалтпай, мемлекеттік баж салығын бірден төлей аласыз.
Бүгінгі таңдағы ең әйгілі қызметтер – бұл Жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұлдар төлеу, салымшы қаражатының түскені және қозғалысы туралы ақпарат беру, жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екені туралы анықтама алу және т.б.
«Электрондық үкіметтің» порталымен жұмыс істеу үшін Сізге «электрондық үкіметтің» порталының электрондық қызметтерін пайдалану нұсқаулығымен танысып шығу ұсынылады.
|